jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    УЕФА Чемпиондар лигасы: "Қайрат" футзал клубы алғашқы ойында жеңіске жетті

    "Қайрат" футзал клубы
    "Қайрат" футзал клубы. Фото: instagram.com/afckairat

    Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі аясында алматылық "Қайрат" пен венгриялық "Халадаш" клубтары кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін, 22 қазанда УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің 1-туры аясында алматылық "Қайрат" клубы венгриялық "Халадашқа" қарсы кездесу өткізді. Матч Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті.

    "Қайрат" футзал клубы сапынан Невеш де Лима (7-минут), Эдсон (10), Арриета (28) гол соқты.

    Сондай-ақ бұл топта қазақстандық "Семей" футзал клубы мен португалиялық "Спортинг" командасы да бар. Қос клуб 1-турда кездесіп, португалиялық ұжым 6:4 есебімен жеңіске жетті.

    УЕФА Чемпиондар лигасының регламенті бойынша бұл төрттіктен УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық раундына үздік 3 команда өтеді.

    Айта кетейік, "Қайрат" футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасын 2012/2013 және 2014/2015 жылғы маусымында топ жарған.

    УЕФА Чемпиондар лигасы: "Қайрат" футзал клубы алғашқы ойында жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.