jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда жұмыс істейтін бразилиялық бапкер мемлекеттік орденмен марапатталды

    Серік Жарасбаев және Рикардо Кака
    Серік Жарасбаев және Рикардо Кака. Фото: instagram/kff_team/Дамир Серік

    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака II дә­режелі "Достық" орденімен марапатталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Құрметті атақ Қазақстан Республикасы пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елімізде спортты дамытуға және оны нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді. Бас бапкерге марапатты туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев табыстады.

    Кака Қазақстан құрамасын 2018 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның қол астында біздің құрама 2021 жылғы әлем чемпионатында 4-орын алды. Бұл Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы ең үздік көрсеткіші. Бұған қоса Қазақстан құрамасы қазіргі уақытта ФИФА рейтингінде 5-орында тұр. Сонымен қатар биыл, қыркүйек айында Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында плей-офф кезеңінде өнер көрсетті. Бірақ ширек финалда Аргентина құрамасына 1:6 есебімен жеңілген едік.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Какамен келісімшарт мерзімін 2026 жылдың соңына дейін ұзартты.

    Қазақстанда жұмыс істейтін бразилиялық бапкер мемлекеттік орденмен марапатталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.