jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Соңғы 8 ойында жеңбеген Қазақстан құрамасының FIFA рейтингіндегі орны өзгерді

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kff.kz

    Бүгін, 24 қазанда футболдан ұлттық құрамалардың FIFA-дағы рейтингі жаңарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстан ұлттық құрамасы халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингте екі сатыға көтерілді.

    Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингте 107-орынға жайғасты.

    FIFA рейтингі. 24 қазан, 2024 жыл:

    1. Аргентина – 1883.5 ұпай;
    2. Франция – 1859.85;
    3. Испания – 1844.33;
    4. Англия – 1807.83;
    5. Бразилия – 1784.37;
    6. Бельгия – 1761.27;
    7. Португалия – 1752.68;
    8. Нидерланды – 1784.24;
    9. Италия – 1729.4;
    10. Колумбия – 1724.97.

    107. Қазақстан – 1186.46 ұпай.

    Айта кетейік, Станислав Черчесов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында 4 ойын өткізді. Бірақ барлық кездесуде жеңіске жете алмады. 6 қыркүйекте ғана Норвегиямен 0:0 есебімен тең түстік. Ал қалған 3 матчта қарсыласқа жол бердік. Словения – Қазақстан (3:0), Аустрия – Қазақстан (4:0), Қазақстан – Словения (0:1).

    Соңғы 8 ойында жеңбеген Қазақстан құрамасының FIFA рейтингіндегі орны өзгерді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.