jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қатарынан екі матч жеңілген "Ордабасы" ойыншылары жанкүйерлермен ерегісті

    "Ордабасы" футбол клубының ойыншылары
    "Ордабасы" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com / fc_ordabasy

    "Ордабасы" футбол клубы өз алаңында астаналық "Жеңіс" клубынан жеңіліс тапқаннан кейін шымкенттік жанкүйерлермен сөзге келіп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Футболдан Қазақстан премьер лигасының 24-туры аясында шымкенттік "Ордабасы" клубы өз алаңында елордалық "Жеңіс" командасын қабылдады. Нәтижесінде бұл матчта шымкенттік клуб 1:2 есебімен жеңіліс тапқан болатын.

    Осы жеңілістен кейін "Ордабасы" футбол клубының капитаны Асхат Тағыберген мен команда ойыншысы Ғафуржан Сүйімбаев шымкенттік жанкүйерлермен сөзге келіп қалды. Чемпиондыққа басты үміткер саналатын клубтың бұл жеңілісіне көңілі толмаған жанкүйерлер наразылығын білдірді.

    Айта кетейік, шымкенттік "Ордабасы" клубы былтырғы ел біріншілігінің чемпионы атанаған болатын. Биыл да турнир кестесінде көш басында келе жатқан шымкенттік клуб қатарынан 2 матч жеңіліс тауып, бірден 3-орынға түсіп қалды.

    Ал Қазақстан премьер лигасының көш басында 41 ұпаймен "Қайрат" тұрса, 2-орында "Астана" (40 ұпай) командасы келеді. Сондай-ақ "Астана" футбол клубының бір ойыны кем.

    Қатарынан екі матч жеңілген "Ордабасы" ойыншылары жанкүйерлермен ерегісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.