jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Черчесов қарашадағы матчтарға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады

    Станислав Черчесов
    Станислав Черчесов. Фото: kff.kz

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қарашада өтетін УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Аустрия (14 қараша) мен Норвегияға (17 қараша) қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚФФ cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Тізімге 37 ойыншы енді. Нақты тізім шыққанға дейін өзгеріс болуы мүмкін. Оқу-жаттығу жиыны 10 қарашада Алматыда басталады.

    Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Ақтөбе"), Александр Заруцкий ("Астана"), Стас Покатилов ("Тобыл"), Темірлан Анарбеков ("Жеңіс");

    Қорғаушылар: Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (бәрі – "Астана"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – "Тобыл"), Лев Скворцов ("Шинник", Ресей), Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – "Ордабасы"), Ұлар Жақсыбаев ("Қызылжар"), Әділбек Жұмаханов ("Атырау"), Мейрамбек Қалмырза, Асхат Балтабеков (екеуі де – "Жетісу");

    Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (бәрі – "Ордабасы"), Рамазан Оразов ("Силькеборг", Дания), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Бактиер Зайнутдинов ("Бешикташ", Түркия), Аслан Дарабаев ("Елімай"), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков, Эльхан Астанов (бәрі – "Астана"), Ислам Чесноков ("Тобыл"), Андрей Ульшин ("Қайрат"), Ғалымжан Кенжебек ("Акритас", Кипр);

    Шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Адана Демирспор", Түркия), Айбар Жақсылықов ("Қайсар"), Оралхан Өміртаев (БАТЭ, Беларусь), Рамазан Кәрімов ("Астана"), Жан Әли Пайруз ("Елімай"), Артур Шушеначев ("Сочи", Ресей);

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қарашала УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 14 қарашада Станислав Черчесовтың командасы Аустриямен кездеседі. Ойын Алматының Орталық стадионында өтеді. Басталуы 20:00-де.

    Үш күннен кейін біздің команда Норвегияға қарсы сырт алаңда матч өткізеді. Ойын Осло қаласында "Уллеволь" стадионында болады. Басталуы – Астана уақытымен 22:00-де.

    Черчесов қарашадағы матчтарға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.