Әкесі "Реалда" ойнаған: 17 жастағы футболшы мадридтік клубтың жұлдызына айналуы мүмкін
Опубликовано:

Танымал жартылай қорғаушы Хосе Антонио Рейестің 17 жастағы ұлы Хосе Антонио Рейес Лопес өз ойынымен мадридтік "Реалдың" негізгі құрамының көзіне түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Marca басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Реал" U-17 құрамасында өнер көрсетіп жүрген 17 жастағы Хосе Антонио Рейес Лопесті клубтың негізгі құрамымен жаттығуға мүмкіндік алды. Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Карло Анчелотти футболшы Лопестің жаттығудағы дайындығы мен ойынына көңілі толды. Осының нәтижесінде клуб 17 жастағы Хосе Антонио Рейес Лопеспен келісімшарт мерзімін ұзартты.
Дереккөздің мәліметінше, жастар құрамында әсерлі ойын көрсетіп жүрген ол жақын арада "Реалдың" негізгі құрамында дебют жасауы әбден мүмкін.
Рейестің әкесі өз мансабын "Севилья" сапында бастаған, кейін ол "Арсеналға" ауысқан. Сонымен қатар Рейес "Реал", "Атлетико", "Бенфика" және басқа да бірнеше клубта ойнаған.
Испания құрамасының бұрынғы ойыншысы Хосе Антонио Рейес 2019 жылы автокөлік апатынан қаза тапты.
Айта кетейік, осы оқиғадан кейін "Реал" президенті Флорентино Перес жас талантты өз қамқорлығына алуға уәде беріп, оны мадридтік клубтың академиясына қабылдаған болатын.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2181888-akesi-realda-oinagan-17-zhastagy-futbolshy-madridtik-klubtyng-zhuldyzyna-ainaluy-mumkin/