jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Алдағы ойындарға шақырту алған қазақстандық футболшылардың нақты тізімі жарияланды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kff.kz

    Аустрия және Норвегия ұлттық құрамаларына қарсы матчтарға шақырту алған қазақстандық футболшылардың нақты тізімі жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Нақты тізімге 27 футболшы енді. Оқу-жаттығу жиыны 11 қараша күні Алматыда басталады.

    Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Ақтөбе"), Стас Покатилов ("Тобыл"), Темірлан Анарбеков ("Жеңіс");

    Қорғаушылар: Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – "Астана"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – "Тобыл"), Сұлтанбек Астанов ("Ордабасы"), Ұлар Жақсыбаев ("Қызылжар"), Әділбек Жұмаханов ("Атырау"), Мейрамбек Қалмырза, Асхат Балтабеков (екеуі де – "Жетісу");

    Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан (екеуі де – "Ордабасы"), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Бақтиер Зайнутдинов ("Бешикташ", Түркия), Аслан Дарабаев ("Елімай"), Эльхан Астанов ("Астана"), Ислам Чесноков ("Тобыл"), Ғалымжан Кенжебек ("Акритас", Кипр);

    Шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Адана Демирспор", Түркия), Айбар Жақсылықов ("Қайсар"), Рамазан Кәрімов ("Астана"), Жан Әли Пайруз ("Елімай").

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 14 қарашада Станислав Черчесовтың командасы Аустриямен кездеседі. Ойын Алматының Орталық стадионында өтеді. Басталуы 20:00-де. 

    Үш күннен кейін біздің команда Норвегияға қарсы сырт алаңда матч өткізеді. Ойын Осло қаласында "Уллеволь" стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 22:00-де.

    Алдағы ойындарға шақырту алған қазақстандық футболшылардың нақты тізімі жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.