jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Астана" футбол клубының басшысы "Қайраттың" чемпион атану мүмкіндігін бағалады

    "Қайрат" футбол клубы
    "Қайрат" футбол клубы. Фото: instagram.com/f.c.kairat

    "Астана" футбол клубының басшысы Саян Хамитжанов алматылық "Қайраттың" биылғы Қазақстан премьер-лигасында чемпион атануы мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Еурокубоктарда плей-офф кезеңіне шығу мақсатымыз болатын, біз бұл межеден асып, топтық кезеңге өттік, енді "Челсимен" ойнаймыз. Бұл – қазақстандық жанкүйерлерге үлкен сыйлық. Қазақстан чемпионатында, әсіресе біз барлық ойынды сырт алаңда өткізіп жатқанымызды ескерсек, еурокубокқа жолдама алу үшін үштікке кіруді мақсат еткен едік, біз қазір 2-орынды иеленіп тұрмыз, сонымен қатар, Лига кубогының финалына шықтық. Осылайша маусымдағы мақсатымыз толық орындалды деуге болады.

    Егер "Қайрат" премьер-лига чемпионы атанса, бұл клубтың мерейтойына арналған керемет жетістік болар еді. Мен олар үшін ерекше қуанып, келесі жылы Чемпиондар лигасында сәттілік тілер едім", - деді Саян Хамитжанов клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

    Айта кетейік, футболдан Қазақстан премьер-лигасының аяқталуына бір тур қалғанда, "Қайрат" 44 ұпай еншілеп, турнир кестесінде көш бастап келеді. Ал "Астана" 43 ұпаймен 2-орында тұр. Чемпион атану үшін "Қайрат" соңғы турда сырт алаңда "Атырауды" жеңуі тиіс. Ал "Астана" өз алаңында талдықорғандық "Жетісуды" қабылдайды.

    "Астана" футбол клубының басшысы "Қайраттың" чемпион атану мүмкіндігін бағалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.