jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Испанияға 2 гол соққан қазақ футболшысы ұлттық құрамаға шақыртылғанына қатысты пікір білдірді

    Ғалымжан Кенжебек
    Ғалымжан Кенжебек. Фото: kff.kz

    Кипрлық "Акритас Хлоракас" клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасында өнер көрсететін негізгі құрамына шақырылуына қатысты өз ойын білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport+ Qazaqstan сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Құрама сапында болғаныма өте қуаныштымын. Клубта барлығы мен үшін ерекше қуанды", - деді Ғалымжан Кенжебек.

    Сондай-ақ жас футболшы қысқы трансферлік кезеңдегі клуб ауыстыру мәселесі туралы да айтты.

    "Әзірге белгісіз. Қысқа қарай көре жатармыз, Алла қаласа. Қазір тек алдағы матчтарға көңіл бөліп жүрмін – бар ойым сонда", - деді Ғалымжан Кенжебек.

    Айта кетейік, 21 жастағы Ғалымжан Кенжебек биыл 23 тамызда "Қайрат" футбол клубынан еркін агент ретінде кипрлық "Акритас Хлоракас" командасына ауысқан болатын. Қазіргі уақытта қазақстандық футболшы кипрлық клуб сапында барлығы 8 матч өткізіп, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ ол 10 қазанда Еуропа чемпионатына іріктеу аясында сырт алаңда Испанияның жастар құрамасы қақпасына дубль жасаған болатын.

    Испанияға 2 гол соққан қазақ футболшысы ұлттық құрамаға шақыртылғанына қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.