jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Барселона" 5 гол соқты, "Ливерпуль" көш бастады: Чемпиондар лигасының 4-тур қорытындысы

    "Барселона" футбол клубының ойыншысы Дани Ольмо
    "Барселона" футбол клубының ойыншысы Дани Ольмо. Фото: Alex Caparros/Getty Images

    Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 4-тур матчтары аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Италиялық "Интер" клубы өз алаңында лондондық "Арсеналды" 1:0 есебімен ұтты. Жалғыз голды 45+3-минутта Хакан Чалханоглу пенальтиден соқты.

    Бұл турдың тағы бір орталық матчында "ПСЖ" өз алаңында "Атлетико Мадридтен" 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Париждіктер сапында Уоррен Заир-Эмери (14-минут) гол соқса, одан кейін қонақтар сапында Науэль Молина (18) мен Анхель Корреа (90+3) гол соқты.

    Сондай-ақ бұл турда "Барселона" клубы "Црвена Звезда" командасын 5:2 есебімен жеңді. Каталониялықтар сапында Роберт Левандовски (43, 53) дубль авторы атанса, Иниго Мартинес (13), Рафинья (55) және Фермин Лопес (76) бір-бір голдан соқты. Ал "Црвена Звезда" сапынан Силас (27) пен Милсон (84) гол соқты.

    6 қарашадағы ойын күнінің нәтижелері:

    "Брюгге" (Бельгия) – "Астон Вилла" (Англия) – 1:0;

    "Шахтер" (Украина) – "Янг Бойз" (Швейцария) – 2:1;

    "Спарта" (Чехия) – "Брест" (Франция) – 1:2;

    "Црвена Звезда" (Сербия) – "Барселона" (Испания) – 2:5;

    "Штутгарт" (Германия) – "Аталанта" (Италия) – 0:2;

    "ПСЖ" (Франция) – "Атлетико" (Испания) – 1:2;

    "Фейеноорд" (Нидерланды) – "Ред Булл Зальцбург" (Аустрия) – 1:3;

    "Интер" (Италия) – "Арсенал" (Англия) – 1:0;

    "Бавария" (Германия) – "Бенфика" (Португалия) – 1:0.

    Айта кетейік, 4-турдың қорытындысы бойынша УЕФА Чемпиондар лигасының турнир кестесінде 12 ұпай жинаған ағылшындық "Ливерпуль" көш бастап тұр.

    Ал 5-турдың матчтары 26-27 қарашада өтеді.

    "Барселона" 5 гол соқты, "Ливерпуль" көш бастады: Чемпиондар лигасының 4-тур қорытындысы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.