Бүгін "Астана" сырт алаңда Конференция лигасындағы үшінші матчын өткізеді
Опубликовано:

Бүгін, 7 қарашада "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің 3-турында кипрлық "Пафос" командасымен сырт алаңда кездесу өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Лимасол (Кипр) қаласында орналасқан стадионда өтетін ойын Қазақстан уақыты бойынша 22:45-те басталады.
Матчты тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді. Аталмыш матчқа шотландиялық төреші Дональд Робертсон бастаған төрешілер ұжымы қызмет етеді.
Естеріңізге сала кетейік, УЕФА Конференция лигасының 1-турында "Астана" өз алаңында Сербияның ТСЦ "Бачка-Топола" клубын 1:0 есебімен жеңген болатын, ал 2-турда Англияда Уэльстің "Нью-Сейнтс" командасына 0:2 есебімен жол берді.
"Астана" УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінде 28 қарашада "Виториямен" (Португалия), 12 желтоқсанда "Челсимен" (Англия), 19 желтоқсанда "АПОЭЛ"-мен (Кипр) ойнайды.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2184240-bugin-astana-syrt-alangda-konferentsiia-ligasyndagy-ushinshi-matchyn-otkizedi/