jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    УЕФА Конференция лигасы: "Астана" соңғы минуттарда есе жіберіп қойды

    "Астана" футбол клубының ойыншысы Джеффри Чинеду
    "Астана" футбол клубының ойыншысы Джеффри Чинеду. Фото: qfl.kz

    Бүгін, 7 қарашада "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасы аясындағы үшінші ойынын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін елордалық "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасы аясында кипрлық "Пафос" командасына қарсы ойын өткізді. Нәтижесінде, "Астана" клубы 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

    Ойындағы жалғыз голды қарсылас команданың ойыншысы Андесрон матчтың 87-минутында салып кетті.

    Естеріңізге сала кетейік, УЕФА Конференция лигасының 1-турында "Астана" өз алаңында Сербияның ТСЦ "Бачка-Топола" клубын 1:0 есебімен жеңген болатын, ал 2-турда Англияда Уэльстің "Нью-Сейнтс" командасына 0:2 есебімен жол берді.

    "Астана" УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінде 28 қарашада "Виториямен" (Португалия), 12 желтоқсанда "Челсимен" (Англия), 19 желтоқсанда "АПОЭЛ"-мен (Кипр) ойнайды.

    УЕФА Конференция лигасы: "Астана" соңғы минуттарда есе жіберіп қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.