jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына іріктеудегі қарсыластары қашан анықталады

    Футболдан Қазақстан құрамасы
    Футболдан Қазақстан құрамасы. Фото: kff.kz

    2026 жылғы әлем чемпионатына еуропалық іріктеу кезеңінің жеребесі қашан және қайда өтетіні белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жеребе 13 желтоқсанда Цюрихте (Швейцария) өтеді. 52 құрама төрт және бес командадан тұратын 12 топқа бөлінеді.

    Құрамында бес команда бар топтар іріктеуді наурызда, ал төрт командадан тұратын топтар қыркүйекте бастайды. Топтық іріктеу кезеңінің соңғы кезеңі 2025 жылдың қарашасында өтеді. 12 топ жеңімпаздары әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Ал екінші орын иегерлері Ұлттар лигасы топтарының жеңімпаздарымен матч өткізеді.

    Әлем чемпионаты 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. ФИФА-ның футбол шекарасын кеңейту бағдарламасы аясында турнирге бірден 48 құрама қатыспақ.

    Еске салайық, 2022 жылы Катарда өткен футболдан әлем чемпионатында Аргентина құрамасы жеңіске жеткен еді. Финалда аргентиналықтар Франция командасынан пенальти сериясында басым түскен болатын.

    Футболдан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына іріктеудегі қарсыластары қашан анықталады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.