jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Станислав Черчесов қызметінен қуылса, қанша өтемақы алатыны белгілі болды

    Бас бапкер Станислав Черчесов
    Бас бапкер Станислав Черчесов. Фото: kff.kz

    Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен қуылса, қомақты сомада өтемақы алады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Legalbet.kz мәліметінше, Қазақстан футбол федерациясы мен Станислав Черчесов арасындағы келісімшартта екі тарап шартты орындамаған жағдайға арналған тармақ бар. Егер бапкерді басқа команда шақырғысы келсе, онда ол үшін (немесе Черчесовтің өзі) федерацияға 1 миллион еуро төлеуі керек. Ал ҚФФ басшылығы Станислав Черчесовті жұмыстан шығаратын болса, өтемақы ретінде 1 миллион еуро беруге тиіс. Бұл қаржы теңгеге шаққанда 530,85 миллион теңге.

    Айта кетейік, Станислав Черчесов биыл маусымда футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Ол ҚФФ-мен 2026 жылғы әлем чемпионаты аяталғанға дейін келісімшартқа отырған.

    Кеше, 8 қарашада Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті. Ол федерацияны 2022 жылдың ақпанынан бері басқарған еді. Жаңа басшы ҚФФ кезектен тыс конференциясында сайланады. Оның уақыты жақын арада хабарланбақ.

    Станислав Черчесов қызметінен қуылса, қанша өтемақы алатыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.