jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Мыңдаған жанкүйер келді": "Қайрат" футболшылары салтанатты түрде марапатталды (видео)

    "Қайрат" футболшыларын марапаттау рәсімі
    "Қайрат" футболшыларын марапаттау рәсімі. Фото: instagram.com/f.c.kairat

    Футболдан 2024 жылғы Қазақстан чемпионы атанған алматылық "Қайрат" командасы салтанатты түрде марапатталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 11 қарашада Алматыдағы Орталық стадионда чемпиондарды марапаттау рәсімі өтті. Биылғы ел біріншілігінің жеңімпазы "Қайрат" клубының футболшыларына премьер-лига алтын медалі мен чемпион тондосы табысталды.

    "Осы маңызды сәтте бізді қолдауға мыңдаған сары-қара жанкүйер келді. Атмосфера тамаша болды. Жанкүйерлер ойыншылар мен бапкерлермен бірге осы тарихи жеңістің қуанышына ортақтаса отырып, құттықтады", - делінген клубтың Instagram желісіндегі жазбасында.

    Еске салайық, 10 қарашада футболдан Қазақстан премьер-лигасының соңғы турында "Қайрат" сырт алаңда "Атырау" командасын 1:0 есебімен жеңген еді. Матчтағы жалғыз голды алматылық клуб ойыншысы Георгий Зария пенальтиден соқты. Осылайша "Қайрат" турнир кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды да, төртінші мәрте Қазақстан чемпионы атанды.

    "Қайрат" ұжымы чемпиондық атақтың арқасында келесі жылы Қазақстан Суперкубогы мен УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынайды.

    Осыған дейін "Қайрат" футбол клубының ойыншыларына биылғы Қазақстан премьер-лигасында чемпион атанғаны үшін қанша сыйақы берілетіні белгілі болған еді.

    "Мыңдаған жанкүйер келді": "Қайрат" футболшылары салтанатты түрде марапатталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.