jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасына дайындықты бастады (видео)

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: instagram.com/kff_team

    Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында Аустрия мен Норвегияға қарсы өтетін қарымта ойындарға дайындықты бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бас бапкер Станислав Черчесовтің жетекшілігімен ұлттық құрама Алматыдағы Орталық стадионда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Қазақстан командасының Ұлттар лигасындағы келесі ойыны да дәл осы стадионда болады. 14 қарашада Черчесов шәкірттері Аустрия құрамасына қарсы ойнайды. Матч сағат 20:00-де басталады.

    Кейін біздің команда 17 қарашада сырт алаңда Норвегиямен кездеседі. Осло қаласындағы "Уллеволь" стадионында өтетін матч 22:00-де басталады.

    Осыған дейін Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымында төрт матч өткізіп, үш мәрте жеңілді, бір рет қарсыласпен тең түсті. Қазір ұлттық құрама B3 тобында 1 ұпаймен соңғы орында тұр.

    Еске салайық, Станислав Черчесов қараша айында өтетін Аустрия және Норвегия құрамаларына қарсы матчтарға шақырылған ойыншыларының нақты тізімін жариялаған еді.

    Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасына дайындықты бастады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.