jitsu gif
Спорт

    Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті қашан сайлануы мүмкін

    Қазақстан футбол федерациясы ғимараты
    Қазақстан футбол федерациясы ғимараты. Фото: kff.kz

    Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті қашан сайланатыны туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    8 қарашада ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов өз еркімен қызметінен кеткен еді. Ол осы қызметті 2022 жылдың ақпанынан бері атқарды. Федерация жарғысына сәйкес, жаңа президент ҚФФ кезектен тыс конференциясында сайланады.

    "Қолда бар ақпарат бойынша, ҚФФ кезектен тыс конференциясы 20 желтоқсанда өтеді. Сол жерде футбол федерациясының жаңа президенті сайланады. Біраз уақыттан кейін біз осы лауазымға негізгі үміткерлерді атаймыз", - делінген Telegram-дағы "Серый Кардинал" арнасының жазбасында.

    Айта кетейік, Әділет Барменқұлов тұсында ұлттық құрама 2023 жылы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде рекордтық 18 ұпаймен тарихи көрсеткішке жетіп, Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығуға бір қадам жақын болды.

    Сондай-ақ Барменқұлов ҚФФ президенті қызметін атқарып жүргенде ұлттық құраманың бас бапкері ауысты. Ресейлік маман Магомед Адиевтің орнына оның отандасы Станислав Черчесов келді. Алайда Қазақстан құрамасы Черчесовтің жетекшілігімен өткен әлі бірде-бір ойында жеңіске жеткен жоқ.

    Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті қашан сайлануы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.