jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Аустрия құрамасы Қазақстанға қарсы ойынға бас аспазымен бірге ұшып келеді

    Ральф Рангник
    Ральф Рангник. Фото: Ralf Ibing - firo sportphoto/Getty Images

    Футболдан Аустрия құрамасының бас бапкері Ральф Рангник Ұлттар лигасы аясында Алматыда өтетін Қазақстанға қарсы матч туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    14 қарашада Алматыда УЕФА Ұлттар лигасының 5-туры аясында Қазақстан құрамасы Аустриямен кездесу өткізеді.

    Laola1.at басылымының мәліметінше, Аустрия құрамасы үшін бұл ойын оңайға соқпайын деп тұр, себебі олар үш күннен кейін Венада Словенияға қарсы маңызды ойын өткізеді. Сондықтан да бас бапкер футболшылардың жүктемесін барынша азайтуға тырысуда. Команда Алматыға бір күнге ғана ұшып келеді және матч аяқтала салысымен олар дереу Венаға қайтады.

    Ал футболдан Аустрия құрамасының бас бапкері Ральф Рангник Алматыда жеңіске жеткісі келетінін айтты. Ол сапар қиын болса да, шәкірттерінің жақсы нәтиже көрсететіне сенімді екенін жеткізді.

    "Ең үлкен мәселе – осы сапарды қалай еңсеретініміз және оны қалай өткеретініміз болмақ. Бірақ мен біздің бұл қиындықты еңсеріп, жеңіске жететінімізге сенімдімін", - деді Ральф Рангник.

    Бұл тұрғыда тек жол мен уақыт мәселесі ғана емес, сондай-ақ футболшылардың физикалық жағдайы да маңызды болып қала бермек. Алматыдағы аустриялық футболшылардың денсаулығын бақылауда ұстау үшін бас аспаз Фриц Грампельхубер арнайы команда орналасатын қонақүйге бірнеше күн бұрын барып, өзімен бірге Аустриядан азық-түлік жеткізеді.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 14 қарашада Станислав Черчесовтың командасы Аустриямен кездеседі. Ойын Алматының Орталық стадионында өтеді. Басталуы 20:00-де. 

    Үш күннен кейін біздің команда Норвегияға қарсы сырт алаңда матч өткізеді. Ойын Осло қаласында "Уллеволь" стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 22:00-де.

    Футболдан Аустрия құрамасы Қазақстанға қарсы ойынға бас аспазымен бірге ұшып келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.