Қазақстан футзал қауымдастығының бұрынғы вице-президенті Нұрсұлтан Құрман түркістандық "Тұран" футбол клубының директоры қызметіне тағайындалу мүмкіндігіне қатысты мәселеге пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жақында Қазақстан футзал қауымдастығының бұрынғы вице-президенті Нұрсұлтан Құрманның "Тұран" футбол клубының директоры қызметіне тағайындалуы мүмкіндігі туралы ақпарат тараған еді.
Meta-ratings.kz сайтына берген жауабында Нұрсұлтан Құрман қазан айында Қазақстан футбол федерациясымен келісімшартының аяқталғанын растады. Алайда "Тұран" клубы тарапынан оған ешқандай ресми ұсыныс түспегенін, қоғам мен жанкүйерлердің қолдауы болғанымен, клубпен ешқандай байланыс болмағанын мәлімдеді.
"Менің алдымда бірнеше ұсыныс бар, бірақ мансабымның әрі қарай қалай жалғасатыны туралы ақпарат желтоқсан айында белгілі болады", - деп атап өтті Нұрсұлтан Құрман.
Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Құрман 2023 жылдың маусымынан бастап Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарған болатын. Өзбекстандағы әлем чемпионатынан кейін оның ҚФФ-мен келісімшарты аяқталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2186333-birneshe-usynys-bar-nursultan-qurman-turkistandyq-futbol-klubynyng-direktory-atana-ma/