jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Еуропалық клуб қазақстандық футболшыға қызығушылық танытып отыр

    Жан Әли Пайруз
    Жан Әли Пайруз. Фото: instagram.com/fcmaqtaaral

    Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Жан-Әли Пайруз қысқы трансферлік маусымда еуропалық клубқа ауысуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жан-Әли биыл Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Ол "Елімай" сапында 16 матч өткізіп, 1 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар жартылай қорғаушы биыл Ұлттар лигасында Словенияға қарсы өткен матчта Қазақстан құрамасында дебют жасады.

    25 жастағы қазақстандық ойыншыға Беларусьтің "БАТЭ" клубы қызығушылық танытып отыр. Команда өкілдері Жан-Әли туралы ақпаратты зерттеп жатыр және жыл соңына дейін оған келісімшарт туралы ұсыныс жасауы мүмкін.

    Айта кетейік, "БАТЭ" ұжымында тағы бір қазақстандық футболшы Оралхан Өміртаев ойнайды. Ол 12 матчта 5 гол соғып, бұл клубтың маусымдағы үздік сұрмергені атанған.

    "БАТЭ" – Беларуcьтің 15 дүркін чемпионы және елдің ең титулды командасы. Қазіргі уақытта команда ішкі чемпионатта 7-орында тұр.

    Еуропалық клуб қазақстандық футболшыға қызығушылық танытып отыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.