Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үлкен қателік жібердік": Черчесов Аустрияға қарсы ойын алдында маңызды мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Станислав Черчесов
Станислав Черчесов. Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі алдағы ойындарға қатысты өз ойын ортаға салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Kicker.de басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

14 қарашада Қазақстан құрамасы өз алаңында Аустрияға қарсы кездесу өткізеді. Ал 17 қарашада сырт алаңда Норвегиямен кездеседі.

"Аустрия, Норвегия және Словенияның ойын мәнері шамалас, бірақ аустриялықтар ойынды сергек әрі белсенді өткізіп жүр. Олардың Норвегияны жеңуі де кездейсоқ емес. Сондықтан олар топта жеңіске жетуге басты үміткер екені айдан анық. Алайда біз қолымыздан келгеннің бәрін жасап, ұпай жинауға тырысамыз. Бұл Линцтегі ойынымыздан өзгеше болмақ. Бұл жолы аустриялықтар бізге ұзақ ұшып келеді. Бір ай бұрын өткен ойында біз нашар ойнаған жоқпыз, бірақ бірнеше үлкен қателік жібердік", - деді Станислав Черчесов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ұлттар лигасы B дивизионының 3-тобында Норвегия, Аустрия, Словения құрамалары 7 ұпай жинап, бірінші орынды өзара бөлісіп келеді. Ал Қазақстан құрамасы 1 ұпай еншілеп, топтағы соңғы орынға жайғасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2186606-ulken-qatelik-zhiberdik-cherchesov-austriiaga-qarsy-oiyn-aldynda-mangyzdy-malimdeme-zhasady/