Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төлқұжатымды тартып алмады": Қытайда ойнайтын футболшы Қазақстан құрамасына қайта оралғысы келетінін айтты

Жарияланған күні:

Георгий Жуков
Георгий Жуков. Фото: instagram.com/georgyzhukov10

Қытайлық "Цанчжоу Майти Лайонс" клубының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына қайтадан оралғысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Семей қаласында дүниеге келген Георгий Жуков бұған дейін бес маусым бойы Қазақстан премьер-лигасында "Астана" және "Қайрат» клубтары сапында өнер көрсеткен. Ол бұл командалармен бірге екі рет Қазақстан чемпионы және екі рет ел кубогының иегері атанды. Сондай-ақ Георгий Жуков Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 21 матч өткізген.

Ал қазіргі таңда ол қытайлық "Цанчжоу Майти Лайонс" клубында ойнап жүр.

"Қытайда бәрі маған қатты ұнайды. Егер легионер ретінде командаға пайда әкелсең, олар сені құрметтейді. Маған шетелдік ретінде жақсы қарым-қатынас жасайды. Мен тек футболға көңіл бөліп, нәтиже көрсетуім керек. Осындай өмір салты маған ұнайды. Жұмысымды істеймін, ал айналамдағылар менің өміріме араласпай, тек қолдау көрсетеді. Үш жылдан бері ешкіммен жанжалға түсіп көрмедім. Бұл жақтағы инфраструктура мәселесі өте жақсы. Көмекшілерім әрдайым байланыста, ал команда маған жақсы ойнауға мүмкіндік береді. Ешкім мені бәсекелес ретінде көрмейді, тек қолдау күтеді. Жалпы, футболмен айналысуға керемет жағдай жасалған", - деді Георгий Жуков.

Сондай-ақ ол ұлттық құрама сапында 2014-2022 жылдары аралығында ойнады. Соңғы екі жылда ол ұлттық құрамаға шақыртылмады. Бірақ та Георгий Жуков командаға қайта оралып, ұлттық құрама сапында доп тепкісі келетінін жасырмады.

"Менде ұлттық құрамада ойнау үшін қажеттінің бәрі бар. Қазақстан азаматымын, төлқұжатым бар. Оны жоғалтпадым, ешкім де тартып алмады. Бұрын ойнағанмын және қазір де ойнай аламын. ФИФА немесе УЕФА-ға сұрау жіберсеңіз, ешқандай мәселе жоқ екенін айтады. Төлқұжатқа қатысты бірді-екілі мәселесі бар деп федерациядағы адамдар айтқан шығар, бірақ шын мәнінде олай емес.

Жазда Қазақстанның бір үздік клубынан ұсыныс түсті. Бұл клубқа және онда жұмыс істейтін адамдарға деген сыйластығым ерекше болғандықтан, мен Қытайдағы жалақымды айтарлықтай төмендетуге де дайын болдым. Бұрын түсініспеушіліктер болған шығар, бірақ мен де өзгердім. Өкінішке қарай, клуб бюджеттен қаражат таба алмады, сол себепті келісім жүзеге аспады. Бірақ мен барлығын жаңадан бастауға дайын болдым", - деп пікір білдірді Георгий Жуков.

Айта кетейік, 29 жастағы Георгий Жуков кәсіби мансабында белгиялық "Беерсхот", "Стандард", ресейлік "Урал", "польшалық "Висла", қазақстандық "Қайрат", "Астана" клубтарында өнер көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2186721-tolquzhatymdy-tartyp-almady-qytaida-oinaityn-futbolshy-qazaqstan-quramasyna-qaita-oralgysy-keletinin-aitty/