jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Жақсының жақсылығын айт": Асхат Тағыберген ҚФФ президентінің қызметінен кетуіне байланысты пікір білдірді

    Футболшы Асхат Тағыберген
    Футболшы Асхат Тағыберген. Фото: kff.kz

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген федерацияның бұрынғы президенті Әділет Барменқұловтың қызметінен кетуіне байланысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Еске салайық, 8 қарашада Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов өз еркімен қызметінен кету туралы шешім қабылдаған болатын.

    Осы мәселеге қатысты ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген Алматыда өтіп жатқан баспасөз мәслихатында пікір білдірді.

    "Біздің де көңіліміз түсті. Екі жарым жылдың ішінде көп нәрсе жасадық. "Жақсының жақсылығын айт" дейді. Екі жарым жылда елімізде футболымызға серпіліс әкелдік, соны әрі қарай жалғастырамыз деп ойлаймын. Осыған дейін қанша басшы ауысты, қанша президент болды, біз тек футболшы ретінде өз жұмысымызды істеуіміз керек", - деді Асхат Тағыберген.

    Айта кетейік, 14 қарашада Қазақстан құрамасы өз алаңында Аустрияға қарсы кездесу өткізеді. Ал 17 қарашада сырт алаңда Норвегиямен кездеседі.

    "Жақсының жақсылығын айт": Асхат Тағыберген ҚФФ президентінің қызметінен кетуіне байланысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.