jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстан – Аустрия: бүгін ұлттық құрама Алматыда ойын өткізеді

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kff.kz

    Бүгін, 14 қарашада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында Аустрияға қарсы кездесу өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін, 14 қарашада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 5-туры аясында Аустрияға қарсы кездесу өткізеді. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

    Қазақстан мен Аустрия құрамалары арасындағы матчтың тікелей көрсетілімін "Qazsport" телеарнасынан көре аласыздар. Ойын сағат 20:00-де басталады.

    Бұл топта Норвегия, Аустрия, Словения құрамалары 7 ұпайдан жинаған. Ал 1 ұпай еншілеген Қазақстан құрамасы бұл топтың соңғы орнына табан тіреген.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы биылғы Ұлттар лигасы маусымындағы алғашқы ойында Норвегиямен кездесіп, тең түскен болатын (0:0). Ал аталмыш турнирдің 2-турында Словения құрамасына қарсы сырт алаңда өткен ойында Қазақстан құрамасы жеңіліс тапты (0:3). Турнирдің 3-турында Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Аустриядан ойсырай жеңілсе (0:4), 4-турда Словенияға есе жіберіп қойды (0:1).

    Қазақстан – Аустрия: бүгін ұлттық құрама Алматыда ойын өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.