jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы Еуро-2024 турнирінің қола жүлдегерлерін жеңді

    Футболдан Қазақстан құрамасы (U-19)
    Футболдан Қазақстан құрамасы (U-19). Фото: instagram.com/kff_team

    Фуиболдан Қазақстанның жастар құрамасы (U-19) 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Нидерландының Ассен қаласындағы стадионда өткен алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Украинамен кездесті.

    Матчтың 9-минутында Қазақстан құрамасының ойыншысы Тамерлан Ағиманов ойын есебін ашты. Одан кейін бірінші таймның соңында тағы да Тамерлан Ағиманов гол соғып, есепті еселей түсті.

    Екінші таймда украиналықтар пенальтиден (62-минут) есеп айырмасын қысқарта алды. Бірақ матчтың нәтижесінде Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

    Украина құрамасы 2024 жылы өткен жастар арасындағы Еуропа чемпионатының жартылай финалына дейін жеткен болатын.

    Айта кетейік, Александр Кузнецов баптайтын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы келесі кездесуін 16 қарашада Нидерландыға қарсы өткізеді.

    Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы Еуро-2024 турнирінің қола жүлдегерлерін жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.