jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Месси, Роналду, Мбаппе: жылдың үздік футболшысына арналған жүлденің басты үміткері кім

    Лионель Месси
    Лионель Месси. Фото: Pascal Le Segretain/Getty Images

    Globe Soccer Awards нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы атағына үміткерлердің есімдері белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Үміткерлер қатарында Николо Барелла, Джуд Беллингем, Хакан Чалханоглу, Дани Карвахаль, Артем Довбик, Фил Фоден, Антуан Гризманн, Алекс Гримальдо, Виктор Дьекереш, Эрлинг Холанд, Харри Кейн, Тони Кроос, Роберт Левандовски, Адемола Лукман, Эмилиано Мартинес, Лаутаро Мартинес, Килиан Мбаппе, Лионель Месси, Дани Ольмо, Коул Палмер, Родри, Родриго, Криштиану Роналду, Букайо Сака, Мохамед Салах, Вильям Салиба, Федерико Вальверде, Винисиус Жуниор, Витинья, Нико Уильямс, Флориан Вирц, Гранит Джака және Ламин Ямаль бар.

    Бұл марапатта ерлер футболындағы үздік ойыншыны ғана емес, сондай-ақ үздік әйел футболшыны, үздік ерлер және әйелдер клубтарын, үздік жаттықтырушыны, үздік жас ойыншыны, Таяу Шығыс чемпионаттарында өнер көрсетіп жүрген үздік футболшы мен үздік клубты да жанкүйерлер дауыс беру арқылы таңдайтын болады.

    Айта кетейік, дауыс беру Globe Soccer Awards премиясының ресми сайтында басталып кетті, ал марапаттау рәсімі 27 желтоқсанда Дубайда өтеді.

    Месси, Роналду, Мбаппе: жылдың үздік футболшысына арналған жүлденің басты үміткері кім

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.