jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы қатарынан төртінші рет жеңіліп қалды

    Қазақстан – Аустрия матчы
    Қазақстан – Аустрия матчы. Фото: RUSLAN PRYANIKOV/AFP via Getty Images

    Бүгін, 14 қарашада футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің 5-туры аясында өз алаңында Аустрияға қарсы ойнап, жеңіліске ұшырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 0:2 есебімен аустриялықтардың пайдасына шешілді. Қонақтар сапынан Кристоф Баумгартнер (15-минутта) және Михаэль Грегорич (25-минутта) гол салды.

    Айта кетейік, матчтың 23-минутында қазақстандық ойыншы Александр Марочкин қызыл қағаз алып қалды. Сөйтіп алаң иелері ойынды 10 футболшымен жалғастыруға мәжбүр болды.

    Осылайша Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымында қатарынан төртінші рет жеңіліп отыр. Бұған дейін Станислав Черчесов шәкірттері Норвегиямен тең ойнаса (0:0), Аустриямен бірінші ойында ұтылып қалды (0:4) және Словенияға екі рет есе жіберді (0:3, 0:1).

    Енді Қазақстан футболшылары 17 қарашада топтық кезеңдегі соңғы ойынын сырт алаңда Норвегияға қарсы өткізеді. Осло қаласындағы "Уллеволь" стадионында болатын матч 22:00-де басталады.

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы қатарынан төртінші рет жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.