jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Мен ешкімді жақсы көрмеймін": Черчесов бапкер қызметіндегі басты ұстанымын айтты

    Станислав Черчесов
    Станислав Черчесов. Фото: Laszlo Szirtesi/Getty Images

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар лигасы аясында Аустрияға қарсы өткен матчты қорытындылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Алматыдағы Орталық стадионда өткен ойын 0:2 есебімен Аустрия құрамасының пайдасына шешілген еді. Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында бас бапкер Станислав Черчесов ойынды қорытындылай келе, футболшылардың атын атап баға бермеуді жөн көрді.

    "Менен біреулер нақты футболшылар туралы сұрай бастағанда... Біз бәріміз тірі адамбыз, cезімге бой алдырамыз. Бірақ бұл жағдайда мен олай жасай алмаймын. Демек, бапкерге адам ретінде емес, функция ретінде қарау керек. Мен ешкімді бөліп-жармаймын. Ұлттық құрамада ешкімді жақсы көрмеймін және мені де жақсы көрмеуін сұраймын. Мұнда да, киім ауыстыратын бөлмеде де.

    Талап бар, біз оны орындаймыз. Мен сынамаймын, бірақ талап қоямын. Ал бізге ол талапты қазіргі футбол қояды. Мен соның орындалуын қадағалаймын. Ал дәл бүгін сол талапты қарсыласымыз қоя білді. Менің міндетім – кім қалай қабылдайтынын, кім үйренуге құштар, кімнің сынға дайын екенін және т.б. түсіну. Бізде "жақсы көремін – жақсы көрмеймін" деген жоқ. Ешкімді бөлмеймін”, - деді Черчесов.

    Айта кетейік, Қазақстан футболшылары 17 қарашада топтық кезеңдегі соңғы ойынын сырт алаңда Норвегияға қарсы өткізеді.

    "Мен ешкімді жақсы көрмеймін": Черчесов бапкер қызметіндегі басты ұстанымын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.