jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Керемет кеш болды": Эрлинг Холанд Қазақстан құрамасына қарсы ойынға баға берді

    Футболшы Эрлинг Холанд
    Футболшы Эрлинг Холанд. Фото: Robbie Jay Barratt - AMA/Getty Images

    Футболдан Норвегия құрамасының және англиялық "Манчестер Сити" клубының ойыншысы Эрлинг Холанд Қазақстан құрамасына қарсы Ұлттар лигасындағы ойын туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ NRK порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    17 қарашада УЕФА Ұлттар лигасының соңғы, 6-туры аясында Ослоның (Норвегия) "Уллевол" стадионында Қазақстан – Норвегия ойыны өткен еді. Бұл матчта алаң иелері 5:0 есебімен ірі жеңіске жетті. Ойыннан соң Эрлинг Холанд NRK тілшілеріне сұқбат беріп, матч туралы пікірін айтты.

    "Ойын жақсы өтті, топта жеңіске жеттік. Керемет кеш болды, бәрі ойдағыдай. Бүгінгі ойын мен үшін қаншалықты маңызды болғанын алаңда көрдіңіздер. Бұл матчты 10 баллдық көрсеткішпен бағалар болсам, 5 немесе 6 деген ұпай беремін", - деді Холанд.

    Айта кетейік, Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд Қазақстанға қарсы ойында үш мәрте гол соқты (23, 37, 71-минутта). Сондай-ақ оның командаластары Александер Серлот (41-минутта) және Антонио Нуса (76-минутта) мергендік танытты.

    Осы жеңістен соң Норвегия командасы Ұлттар лигасының жоғары дивизионына (А) көтерілді. Ал 6 ойында 5 мәрте жеңіліс тауып, 1 рет қарсыласпен тең ойнаған Қазақстан құрамасы турнирдің С дивизионына түсіп кетті.

    "Керемет кеш болды": Эрлинг Холанд Қазақстан құрамасына қарсы ойынға баға берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.