jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    16 жастағы қазақ футболшысы Лондонға жетті: ол "Челсиде" қаралымнан өтуі мүмкін (фото)

    Дастан Сәтпаев
    Дастан Сәтпаев. Фото: instagram.com/d.satpayev

    Футболдан Қазақстан жастар құрамасының (U19) және "Қайрат" клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев Лондонда жүр. Ол "Челси" академиясында қаралымнан өтуі мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Осыған дейін Дастан Сәтпаев "Челси" академиясында қаралымнан өтуі мүмкін екені хабарланған еді. Жас футболшы Instagram желісіндегі Stories-ке әйгілі Биг-Бэн сағатының фотосын жариялап, қазір Лондонда жүргенін растады.

    16 жастағы Дастан Сәтпаев өткен маусымда QJ League турнирінің ең үздік ойыншысы атанып, кәсіби деңгейде "Қайрат" негізгі құрамында дебют жасады. Ол футболдан Қазақстан кубогы аясында "Ақжайық" командасына қарсы ойында (9:0) негізгі команда сапында өнер көрсетті. Сондай-ақ ол "Қайрат-Жастар" командасы құрамында Бірінші лигада бес матч өткізді.

    Айта кетейік, елордалық "Астана" футбол клубы 12 желтоқсанда УЕФА Конференция лигасы аясында Алматыда "Челсиді" қабылдайды. "Астана" ұжымының өкілдері матч билеттерінің сатылымына қатысты мәлімдеме жасаған еді.

    Дастан Сәтпаевтың Instagram Stories-і
    Дастан Сәтпаевтың Instagram Stories-і. Скриншот: instagram.com/d.satpayev

    16 жастағы қазақ футболшысы Лондонға жетті: ол "Челсиде" қаралымнан өтуі мүмкін (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.