jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Чемпиондар лигасы: бүгін "Қайрат" пен "Семей" элиталық кезеңдегі матчтарын өткізеді

    Лукас Отанья мен Васконселос Деннис
    Лукас Отанья мен Васконселос Деннис. Фото: afckairat.kz

    27 қарашадан 28 қарашаға қараған түні "Қайрат" пен "Семей" футзал клубтары Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіндегі алғашқы матчтарын өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Қайрат" футзал клубы франциялық "Этуаль" командасымен кездессе, ал "Семей" испаниялық "Пальмамен" күш сынасатын болады.

    Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:20-да "Қайрат" пен "Этуаль" ойыны Qazaqstan ұлттық арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ал сағат 00:35-те Qazsport арнасынан "Семей" мен "Пальма" арасындағы матчтың тікелей көрсетілімін тамашалауға болады.

    Элиталық раундта "Қайрат" В тобында өнер көрсетеді. Алматылық клуб бұл топта хорватиялық "Олмиссум" және "Футзал Динамо" командаларымен шеберлік байқасады. Ал "Семей" D тобында польшалық "Рекорд Бельско-Бяла" мен словакиялық "Мимел Лученецке" қарсы ойындар өткізеді.

    Әр топтың жеңімпаздары футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне жолдама алады.

    Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде "Қайрат" пен "Семей" бір топта ойнаған болатын. "Қайрат" тоғыз ұпай жинап, топта үздік атанса, "Семей" үш ұпаймен үшінші орынға тұрақтап, элиталық кезеңге жолдама алған еді.

    Чемпиондар лигасы: бүгін "Қайрат" пен "Семей" элиталық кезеңдегі матчтарын өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.