jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық клубтарда доп тепкен футболшы әйгілі италиялық "Миланның" қақпасына гол соқты (видео)

    Тигран Барсегян
    Тигран Барсегян. Фото: Alex Caparros/Getty Images

    Бұрын қызылордалық "Қайсар" және елордалық "Астана" клубтарында ойнаған армениялық футболшы Тигран Барсегян УЕФА Чемпиондар лигасының 5-турында әйгілі италиялық "Милан" командасының қақпасына гол соғып, ерекше көзге түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазіргі уақытта Тигран Барсегян словакиялық "Слован" командасының сапында ойнайды.

    УЕФА Чемпиондар лигасының 5-туры аясында "Слован" клубы өз алаңында "Миланға" қарсы тартысты матч өткізді. Бірінші таймда италиялық команда сапынан Кристиан Пулишич есеп ашқанымен, армениялық Тигран Барсегян 24-минутта қарымта шабуылда таразы басын теңестірді.

    Екінші таймда "Милан" клубының ойыншылары екі доп соғып, алға шықты. "Слован" командасы бір голмен жауап бергенімен, жеңіс үшін бұл жеткіліксіз болды. Нәтижесінде "Милан" клубы 3:2 есебімен жеңіске жетті.

    Айта кетейік, словакиялық "Слован" командасын алматылық "Қайраттың" бұрынғы бапкері Владимир Вайсс жаттықтырады.

    Ал Тигран Барсегян 2019 жылы қызылордалық "Қайсар" клубында ойнап, сол маусымда Қазақстан кубогын жеңіп алды. Сондай-ақ ол 29 матчта 12 гол соғып, команданың үздік ойыншысы атанған. Кейін 2020-2021 жылдары "Астана" сапында да жемісті өнер көрсетті.

    Қазақстандық клубтарда доп тепкен футболшы әйгілі италиялық "Миланның" қақпасына гол соқты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.