jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Чемпиондар лигасы: "Семей" элиталық кезеңдегі алғашқы ойынында жеңіліс тапты

    "Семей" футзал клубы
    "Семей" футзал клубы. Фото: instagram.com/fcsemey

    УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңі аясында "Семей" футзал клубы испаниялық "Пальмамен" матч өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін қазақстандық "Семей" футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңі аясында испаниялық "Пальмаға" қарсы ойын өткізді. Нәтижесінде "Семей" футзал клубы 1:4 есебімен жеңіліс тапты.

    "Семей" D тобында испаниялық "Пальмадан" бөлек польшалық "Рекорд Бельско-Бяла" мен словакиялық "Мимел Лученецке" қарсы ойындар өткізеді.

    Әр топтың жеңімпаздары футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне жолдама алады.

    Айта кетейік, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде "Қайрат" пен "Семей" бір топта ойнаған болатын. "Қайрат" тоғыз ұпай жинап, топта үздік атанса, "Семей" үш ұпаймен үшінші орынға тұрақтап, элиталық кезеңге жолдама алған еді.

    Чемпиондар лигасы: "Семей" элиталық кезеңдегі алғашқы ойынында жеңіліс тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.