jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде франциялық клубты жеңді

    "Қайрат" футзал клубы
    "Қайрат" футзал клубы. Фото: instagram/afckairat

    УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңі аясында алматылық "Қайрат" футзал клубы франциялық "Этуаль" командасына қарсы матч өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін алматылық "Қайрат" футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңі аясында франциялық "Этуаль" командасына қарсы ойын өткізді. Нәтижесінде "Қайрат" 4:2 есебімен жеңіске жетті.

    Элиталық раундта "Қайрат" В тобында өнер көрсетеді. Алматылық клуб бұл топта франциялық "Этуальдан" бөлек хорватиялық "Олмиссум" және "Футзал Динамо" командаларымен шеберлік байқасады.

    Әр топтың жеңімпаздары футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне жолдама алады.

    Айта кетейік, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде "Қайрат" пен "Семей" бір топта ойнаған болатын. "Қайрат" тоғыз ұпай жинап, топта үздік атанса, "Семей" үш ұпаймен үшінші орынға тұрақтап, элиталық кезеңге жолдама алған еді.

    "Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде франциялық клубты жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.