jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Конференция лигасы: бүгін "Астана" португалиялық командаға қарсы ойын өткізеді

    Марин Томасов
    Марин Томасов. Фото: instagram.com/fca.astana

    Бүгін, 28 қарашада УЕФА Конференция лигасы аясында "Астана" футбол клубы өз алаңында португалиялық "Витория" командасын қабылдайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін, 28 қарашада "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінің 4-турында португалиялық "Витория" (Гимарайнш) командасына қарсы Алматыда ойын өткізеді. Матч кешкі сағат 20:30-да басталады және Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

    Қазіргі уақытта "Витория" турнир кестесінде 9 ұпаймен көш бастап тұр. Олар бұған дейін словениялық "Целе" (3:1), швециялық "Юргорден" (2:1) және чехиялық "Млада-Болеслав" (2:1) командаларын жеңген.

    Ал "Астана" 3 турдың қорытындысы бойынша 3 ұпай жинады. Елордалық команда сербиялық "ТСЦ Бачка-Топола" клубынан 1:0 есебімен басым түскен, бірақ Уэльстің "Нью-Сейнтс" (0:2) және Кипрдің "Пафос" (0:1) клубтарына есе жіберген болатын.

    Айта кетейік, "Астана" УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінде 12 желтоқсанда "Челсимен" (Англия), 19 желтоқсанда "АПОЭЛ"-мен (Кипр) ойнайды.

    Конференция лигасы: бүгін "Астана" португалиялық командаға қарсы ойын өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.