jitsu gif
Спорт

    "Челси" сапында Англия чемпионы болған футболшы қарағандылық "Шахтердің" бапкері атанды

    Иржи Ярошик
    Иржи Ярошик. Фото: Francis Glibbery/Chelsea FC via Getty Images

    Атақты чехиялық футболшы Иржи Ярошик қарағандылық "Шахтер" футбол клубымен жаттықтырушы ретінде келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бүгіннен бастап Иржи Ярошик "Шахтер" футбол клубының бапкерлер құрамына кірді.

    Сонымен қатар "Шахтер" футбол клубының жаттықтырушылар штабына Петар Алексеевич пен Джозеф Муха да қосылды. Бұрынғы жаттықтырушылар Андрей Финонченко, Игорь Маштаков және Сергей Ткачук өз қызметтерін жалғастырады.

    Иржи Ярошик кәсіби мансабында "Челси" сапында Англия премьер-лигасының чемпионы, ЦСКА сапында Ресей чемпионы, "Селтик" сапында Шотландия чемпионы және "Спарта" сапында Чехия чемпионы атанған.

    Иржи Ярошик бұған дейін "Спарта", "Ружомберок", "Теплице" және басқа да клубтарды жаттықтырушы ретінде қызмет еткен.

    Айта кетейік, футболдан Қазақстан премьер-лигасының биылғы маусымында қарағандылық "Шахтер" клубы 10 ұпай жинап, турнир кестесінің соңғы орнын місе тұтқан болатын. Осылайша қарағандылық клуб бірінші лигаға түсіп қалды.

    "Челси" сапында Англия чемпионы болған футболшы қарағандылық "Шахтердің" бапкері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.