jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Астана" футбол клубы Конференция лигасында cоңғы минуттарда жеңісті жіберіп алды

    "Астана" – "Витория" матчы.
    "Астана" – "Витория" матчы. Фото: "Астана" ФК баспасөз қызметі

    Бүгін, 28 қарашада "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің 4-туры аясында өз алаңында португалиялық "Витория" (Гимарайнш) командасымен ойнап, тең тарқасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматының Орталық стадионында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапынан Бранимир Калаица 40-минутта гол салды. Ал 89-минутта "Витория" ойыншысы Хесус Рамирес мергендік танытып, есепті теңестірді. Осылайша "Астана" клубы қолда тұрған жеңістен соңғы минуттарда айырылып қалды.

    Бұған дейін "Астана" сербиялық "ТСЦ Бачка-Топола" клубынан 1:0 есебімен басым түскенімен, Уэльстің "Нью-Сейнтс" (0:2) және Кипрдің "Пафос" (0:1) клубтарына есе жіберген болатын. Ал "Витория" ұжымы словениялық "Целе" (3:1), швециялық "Юргорден" (2:1) және чехиялық "Млада-Болеслав" (2:1) командаларын жеңген.

    Енді "Астана" командасы 12 желтоқсанда Алматыда "Челсиді" (Англия) қабылдайды. Кейін 19 желтоқсанда елордалық клуб Конференция лигасы жалпы кезеңінің соңғы турында "АПОЭЛ"-мен (Кипр) кездеседі.

    Еске салайық, 23 қарашада "Астана" ұжымы Қазақстан футболы тарихындағы алғашқы Лига кубогын жеңіп алған еді. Команда финалда тағы бір елордалық клуб "Жеңісті" 2:0 есебімен ұтты.

    "Астана" футбол клубы Конференция лигасында cоңғы минуттарда жеңісті жіберіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.