Нұралы Әліп Ресей чемпионатындағы алғашқы голын салған соң жарақат алып қалды (видео)
Опубликовано:
Футболдан Қазақстан құрамасының және "Зенит" (Санкт-Петербург) клубының ойыншысы Нұралы Әліп Ресей Премьер лигасындағы алғашқы голын салып, сол матчта жарақат алып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Кеше, 1 желтоқсанда "Зенит" РПЛ-дің кезекті туры аясында өз алаңында "Крылья Советов" (Самара) командасын қабылдады. Матч 2:3 есебімен алаң иелерінің жеңілісімен аяқталды. "Зениттің" екінші голын 78-минутта қазақстандық футболшы Нұралы Әліп салды. Бұл оның РПЛ матчында соққан алғашқы голы болды.
Ойын аяқталуына бірнеше минут қалғанда Нұралы Әліп жарақат алып қалды. Ол тобығын қайырып алып, 82-минутта басқа ойыншымен алмастырылды. Қазақстандық футболшының жарақат алған сәтінің скриншоты Telegram-дағы "СБГ Мысли Вслух" арнасында жарияланды.
"Әліптің жантүршігерлік жарақаты (оң аяғының тобығы тайып кеткен). Қазақтың тезірек сауығып, қатарға қосылуын тілейміз", - деп жазды арна авторы.
Айта кетейік, Нұралы Әліп осы маусымда "Зенит" сапында 12 матч өткізген. Қазір оның командасы РПЛ турнир кестесінде 39 ұпаймен көш бастап тұр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2194877-nuraly-alip-resei-chempionatyndagy-algashqy-golyn-salgan-song-zharaqat-alyp-qaldy-video/