jitsu gif
Спорт

    Криштиану Роналду жанкүйерімен бәстесіп, 1 миллион долларға ұтылып қалды (видео)

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду. Скриншот: youtube.com/@MrBeast

    Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду танымал блогер MrBeast-тің ұйымдастырған челленджіне қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ блогердің YouTube желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бұл ерекше сынақта Криштиану Роналдудың қарсыласы кездейсоқ таңдалған жанкүйер болды. Шарт бойынша қатысушылар қақпа маңдайшасына орнатылған нысаналарды дәлдеп теуіп, мейлінше көп ұпай жинауға тырысу керек.

    Дегенмен әлем футболының жұлдызы саналатын Роналдудың мықтылығына қарамастан, бұл сайысқа қатысқан жанкүйердің бағы жанды. Ол шеберлігі мен дәлдігін айқын көрсетіп, басты жүлде – 1 миллион АҚШ долларын жеңіп алды.

    Қазіргі таңда YouTube желісінде жарияланған бұл видеоы 65 миллионнан астам адам тамашалаған.

    Айта кетейік, Роналду 2023 жылдың қаңтарынан бері "Әл-Наср" сапында ойнап келеді. Биылғы маусымда ол барлық турнирде 18 матчқа қатысып, 15 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

    Криштиану "Алтын допты" бес мәрте иеленген. Еуропада ол "Спортинг", "Манчестер Юнайтед", "Реал" және "Ювентус" командаларында өнер көрсеткен.

    Криштиану Роналду жанкүйерімен бәстесіп, 1 миллион долларға ұтылып қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.