jitsu gif branding logo appbranding logo app

    БАҚ: қазақстандық футболшы спорттық мансабын Бельгияда жалғастыруы мүмкін

    Әділбек Жұмаханов
    Әділбек Жұмаханов. Фото: kff.kz

    "Атырау" футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Әділбек Жұмаханов мансабын Бельгия чемпионатында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Instagram желісіндегі Aladop.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дереккөздің мәліметінше, бельгиялық клуб 21 жастағы қорғаушымен келісімшартқа қол қоюға дайын. Сонымен қатар Әділбек Жұмахановқа Қазақстан премьер-лигасының екі клубы да қызығушылық танытып отыр. Қазақстандық командалар ойыншыға жақсырақ шарттар ұсынуға әзір.

    Әділбек Жұмаханов 2019 жылдан бері "Атырау" клубының намысын қорғап келеді. ҚПЛ-дың өткен маусымында ол "Атырау" сапында 18 матч өткізді. Бұған дейін ол қызылордалық "Қайсар" командасында ойнаған.

    Айта кетейік, биылғы жылдың қараша айында Әділбек Жұмаханов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында алғашқы ойынын өткізіп, Аустрия құрамасына қарсы матчта дебют жасады.

    БАҚ: қазақстандық футболшы спорттық мансабын Бельгияда жалғастыруы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.