
"Матч ТВ" арнасының комментаторы Дмитрий Дерунец УЕФА Конференция лигасы аясында өтетін "Астана" мен "Челси" клубтары арасындағы матчқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Челси" Алматыға сөзсіз фаворит ретінде келеді. Алайда желтоқсан айы, Қазақстан климаты, лондондықтардың УЕФА Конференция лигасының турнир кестесіндегі жайлы орны секілді факторларды ескерсек, "Астана" үшін белгілі бір мүмкіндіктер пайда болуы мүмкін.
Әрине, "Астана" ойынға қаншалықты дайын болады? Қазақстанда футбол маусымы аяқталғанын ескерсек, команда өз формасын сақтап қала ала ма? Сондай-ақ сәттілік серік бола ала ма? "Челси" бұл ойынға бар күшін салмауы да мүмкін. Бірақ "Астана" өз мүмкіндігін пайдаланып, батылырақ ойнауға тырысуы керек.
Менің ойымша, гол көп болмайды. "Челси" аз доп айырмасымен жеңіске жетуі мүмкін деп ойлаймын. Бірақ "Астана" сенсация жасауға қауқарлы", - деді Дмитрий Дерунец.
Айта кетейік, УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңі аясында 12 желтоқсанда "Астана" футбол клубы Алматыда "Челси" клубымен кездесу өткізеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2195972-sensatsiia-zhasauga-qauqarly-reseilik-sarapshy-astana-chelsi-matchyna-bolzham-zhasady/