jitsu gif
Спорт

    "Алға қадам жасадық": Черчесов құраманың ойынын бағалап, өздерін толыққанды көрсете алмағандарын айтты

    Станислав Черчесов
    Станислав Черчесов. Фото: Christian Bruna/Getty Images

    Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов команданың Ұлттар лигасындағы нәтижесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "РБ Спорт" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Барлық қарсыластың деңгейі шамамен бірдей болды деп айту керек. Барлық құрамада сапалы шабуылшылар ойнады: Шешко, Холанд, Арнаутович. Ал жартылай қорғаныста Эдегор, Забитцер, Лаймер сынды ойыншылар өнер көрсетті. Бізге мықты командалар түсті. Топтағы нәтижелерді ескермейтін болсақ, кейбір сәттерде біз өзімізді көрсете алмадық, ал кейбірінде алға қадам жасадық", - деді Станислав Черчесов.

    Сондай-ақ Станислав Черчесов қазақ тілін қаншалықты меңгергенін айтқан болатын.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымында 5 мәрте жеңіліс тауып, 1 тең нәтижеге қол жеткізді. Станислав Черчесов шәкірттері Норвегиямен алғашқы матчта тең ойнаса (0:0), екінші матчта ірі есеппен жеңілді (0:5). Аустрияға қарсы екі ойында да жеңіліс тапты (0:4, 0:2) және Словенияға екі рет есе жіберді (0:3, 0:1).

    "Алға қадам жасадық": Черчесов құраманың ойынын бағалап, өздерін толыққанды көрсете алмағандарын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.