jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Щацкий үйде": ұлттық құраманың негізгі қақпашысы "туған" клубына оралды

    Игорь Щацкий
    Игорь Щацкий. Фото: Ramsey Cardy/Sportsfile via Getty Images

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игорь Щацкий қарағандылық "Шахтер" клубына қайта оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі қақпашысы Игорь Щацкий "Ақтөбе" футбол клубынан қарағандылық "Шахтер" клубына ауысты.

    "Шац – біздікі, Шац – үйде! Дұрыс көзқарастармен, конструктивті диалогпен және үлкен ынтамен көп нәрсе мүмкін деп ойлаймыз", - делінген клубтың Instagram желісіндегі мәлімдемесінде.

    35 жастағы қақпашы Игорь Щацкий өткен маусымда "Ақтөбе" клубы сапында өнер көрсетті. "Ақтөбе" клубы сапында ол Қазақстан премьер-лигасында, Лига кубогында, еурокубоктық бәсекеде ойнады.

    Сондай-ақ ол футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі қақпашысы саналады. Ол ұлттық құрамада 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

    "Щацкий үйде": ұлттық құраманың негізгі қақпашысы "туған" клубына оралды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.