jitsu gif
Спорт

    Қазақстан құрамасы мини-футболдан әлем чемпионатының финалына шықты

    Футбол добы
    Футбол добы. Көрнекі фото: pexels.com

    Қазақстан құрамасы 6x6 форматындағы мини-футболдан әлем чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жартылай финалда қазақстандықтар Хорватия құрамасымен кездесті. Негізгі уақыт тең аяқталып, жеңімпазды анықтау үшін футбол буллиттері сериясы өткізілді. Бұл серияда Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен басым түсті.

    Топтық кезеңде Астананың "Сайран" клубы негізінде жасақталған команда Англияны (3:0), Румынияны (1:0) және Суданды (3:0) жеңіп, тек Уругвайдан (1:2) ұтылып қалды. Плей-оффта қазақстандықтар Сербияны (4:2) және Бразилияны (3:2) жеңіп, жартылай финалға шықты.

    Енді Қазақстан құрамасы турнир иесі Оман командасымен кездеседі. Финалдық матч 7 желтоқсан Астана уақытымен 21:00-де өтеді.

    Қазақстан құрамасы мини-футболдан әлем чемпионатының финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.