jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Шағын футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Шағын футболдан Қазақстан құрамасының ойыншылары
    Шағын футболдан Қазақстан құрамасының ойыншылары. Фото: time.kz

    Шағын футболдан 6x6 форматындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Шағын футболдан әлем чемпионатының финалында Қазақстан құрамасы Оманмен кездесті. Нәтижесінде матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталып, ойын пенальти сериясына ұласты. Пенальти сериясында ұлттық құрама 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

    Жартылай финалда қазақстандықтар Хорватиямен кездесті. Негізгі уақыт тең аяқталды, ал жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Пенальтиде Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен басым түсті.

    Қола жүлдені Хорватия мен Румыния құрамалары өзара сарапқа салады.

    Айта кетейік, топтық кезеңде Қазақстан ұлттық құрамасы Англияны (3:0), Румынияны (1:0) және Суданды (3:0) жеңіп, тек Уругвайдан (1:2) жеңіліп қалды. Плей-офф матчтарында қазақстандық футболшылар Сербияны (4:2) және Бразилияны (3:2) жеңген еді.

    Шағын футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.