jitsu gif
Спорт

    Қазақстан футзал командасының Еуро-2026 іріктеу ойындарына қатысатын құрамы жарияланды

    Футзалдан Қазақстан құрамасы
    Футзалдан Қазақстан құрамасы. Фото: kff.kz

    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Албания және Арменияға қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚФФ-тың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Тізімге 17 ойыншы енді. Оқу-жаттығу жиыны 8 желтоқсанда Астанада басталған. 11 желтоқсанда команда Тиранаға аттанады.

    Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылар тізімі:

    • Қақпашылар: Лео Игита ("Семей"), Нарун Серіков ("Қайрат"), Қанат Жеткірбаев ("Ақтөбе");
    • Алаңдағы ойыншылар: Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангір Рашит, Арнольд Кнауб, Дамир Қайырбай (барлығы – "Қайрат"), Дуглас ("Әл-Ула", Сауд Арабиясы), Шыңғыс Есенаманов, Ақжол Дәрібай, Әбдірәсіл Абдуманапұлы, Ержан Карменов (барлығы – "Семей"), Азат Валиуллин, Нұрмұхаммед Исмаилов (екеуі де – "Аят"), Лео Мендонка (РФШ, Латвия), Нұрқанат Бақтияров ("Жетісу").

    Айта кетейік, 13 желтоқсанда Қазақстан футзал құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Тиранада Албаниямен ойнаса, 18 желтоқсан күні Алматы қаласы, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Армения құрамасына қарсы ойын өткізеді.

    Қазақстан футзал командасының Еуро-2026 іріктеу ойындарына қатысатын құрамы жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.