
Бүгін, 12 желтоқсанда "Астана" футбол клубы лондондық "Челси" командасына қарсы УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңі аясында кездесу өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Астана" мен "Челси" арасындағы матч Алматы қаласында өтеді. Ойынның тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасында сағат 20:20-да басталады.
Қазір "Астана" УЕФА Конференция лигасындағы төрт матчтан кейін 4 ұпай жинап, турнирлік кестеде 23-орында тұр. Ал "Челси" төрт ойында 12 ұпайға ие болып, 1-орынға жайғасқан.
Бұған дейін "Астана" сербиялық "ТСЦ Бачка-Топола" командасын 1:0 есебімен жеңіп, португалиялық "Виториямен" 1:1 есебімен тең түсті. Алайда Уэльстің "Нью-Сейнтс" командасынан 0:2 және кипрлік "Пафостан" 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Ал "Челси" командасы УЕФА Конференция лигасы аясында бельгиялық "Гентті" 4:2, грекиялық "Панатинаикосты" 4:1 есебімен жеңген. Сондай-ақ олар армениялық "Ноа" клубын 8:0 есебімен ойсырата ұтса, ал германиялық "Хайденхаймын" командасын 2:0 есебімен жеңді.
УЕФА Конференция лигасының биылғы маусымында 36 команда бақ сынап жатыр. Жарыстың жаңа ережесі бойынша жалпы үздік шыққан сегіз команда 1/8 финалға тікелей жолдама алады, ал 9-24-орын алған клубтар қосымша ойындар өткізеді. Жеңіске жеткен командалар 1/8 финалға шығады.
Айта кетейік, соңғы турда елордалық "Астана" 19 желтоқсанда сырт алаңда кипрлық АПОЭЛ командасына қарсы ойнайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2199696-uefa-konferentsiia-ligasy-astana-chelsi-matchyn-qaidan-koruge-bolady/