jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан футбол федерациясының жаңа бас хатшысы тағайындалды

    kff.kz
    ҚФФ жаңа бас хатшысы Саян Хамитжанов. Фото: ҚФФ жаңа бас хатшысы Саян Хамитжанов

    Cаян Хамитжанов Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бүгін, 12 желтоқсанда Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің отырысында Андрей Дудин ҚФФ бас хатшысы қызметінен босатылып, бұл қызметке Саян Хамитжанов тағайындалды.

    Саян Жақсыгелдіұлы бұған дейін ҚФФ-да басшылық қызметтер атқарған: 2008-2012 жылдары бас хатшы, ал 2012-2014 жылдары федерацияның вице-президенті болды.

    ҚФФ ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, 54 жастағы Хамитжанов әр жылдары "Жеңіс" "Алма-Ата", "Астана" футбол клубтарының президенті лауазымын атқарған. Ал 2023 жылдан бері "Астана" командасының бас директоры болып жұмыс істеген.

    Еске салайық, қарашада Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов өз еркімен қызметінен кеткен еді. Кейін федерация президенттігіне үміткерлер тізімі жарияланды.

    Қазақстан футбол федерациясының жаңа бас хатшысы тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.