jitsu gif
Спорт

    Қазақстан футбол құрамасының әлем чемпионатына іріктеудегі қарсыластары анықталды

    Футболдан Қазақстан құрамасы
    Футболдан Қазақстан құрамасы. Фото: kff.kz

    Бүгін, 13 желтоқсанда Цюрихте (Швейцария) 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына еуропалық іріктеу турнирінің жеребесі тартылып, Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы J тобына түсті. Ұлттық команданың қарсыластары – Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн. Бұл топтың матчтары 2025 жылы наурыз – қараша аралығында болады.

    Әр топта жеңімпаз атанған құрамалар әлем чемпионатына тікелей өтеді. Сондай-ақ екінші орын иегерлері тағы 4 жолдама сарапқа салынатын плей-офф кезеңінде бақ сынайды.

    2026 жылғы әлем чемпионатына еуропалық іріктеу турнирінің жеребесі:

    • А тобы: Германия/Италия (жеңгені), Словакия, Солтүстік Ирландия, Люксембург;
    • В тобы: Швейцария, Швеция, Словения, Косово;
    • С тобы: Португалия/Дания (жеңілгені), Грекия, Шотландия, Беларусь;
    • D тобы: Франция/Хорватия (жеңгені), Украина, Исландия, Әзербайжан;
    • E тобы: Испания/Нидерланд (жеңгені), Түркия, Грузия, Болгария;
    • F тобы: Португалия/Дания (жеңгені), Венгрия, Ирландия;
    • G тобы: Испания/Нидерланд (жеңілгені), Польша, Финляндия, Литва;
    • H тобы: Австрия, Румыния, Босния және Герцеговина, Кипр;
    • I тобы: Германия/Италия (жеңілгені), Норвегия, Израиль;
    • J тобы: Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония, Қазақстан;
    • K тобы: Англия, Сербия, Албания;
    • L тобы: Франция/Хорватия (жеңілгені), Чехия, Черногория.

    Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. ФИФА-ның футбол шекарасын кеңейту бағдарламасы аясында турнирге алғаш рет 48 құрама қатыспақ.

    Қазақстан футбол құрамасының әлем чемпионатына іріктеудегі қарсыластары анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.