jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Абат Айымбетов Түркия Суперлигасында қатарынан екінші матчта гол соқты (видео)

    Абат Айымбетов
    Абат Айымбетов. Фото: instagram.com/adskulubu

    "Адана Демирспор" сапында ойнайтын қазақстандық футболшы Абат Айымбетов Түркия Суперлигасының 16-туры аясында "Бешікташқа" қарсы матчта гол соқты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Кеше, 16 желтоқсанда "Адана Демирспор" клубы өз алаңында "Бешікташ" клубын қабылдады. Матчтың нәтижесі бойынша "Адана Демирспор" клубы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

    Матчтың 31-минутында "Адана Демирспор" клубының Юсуф Бараси есепті ашса, 39-минутында қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов есепті еселей түсті.

    Ал матчтың 72-минутында "Бешікташ" клубының ойыншысы Али аль-Моатасембелла есеп айырмасын қысқартты.

    Сондай-ақ "Бешікташ" клубы сапында тағы бір қазақстандық футболшы Бақтиер Зайнутдинов доп тебеді. Ол бұл ойынның 46-минутында алаңға шыққан болатын.

    Айта кетейік, "Адана Демирспор" Түркия Суперлигасының биылғы маусымында 5 ұпай жинап, турнир кестесінің 19-орнына тұрақтады. Ал "Бешікташ" клубы 25 ұпаймен 6-сатыға жайғасқан.

    Абат Айымбетов екінші матч қатарынан гол соқты. Түркия Суперлигасының 15-турында "Гезтепе" қақпасына гол соққан болатын.

    Абат Айымбетов Түркия Суперлигасында қатарынан екінші матчта гол соқты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.